RU

Танымал неміс футболшысы Ислам дінін қабылдады

Испанияның «Райо Вальекано» командасының құрамында ойнап жүрген неміс футболшысы Патрик Эберт мұсылман қауымның ортасынан табылды.

Бұл туралы IslamNews дерегіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Бұған дейін gorapress.net хабарлағандай, спортшының Исламды қабылдауына арналған рәсім 1 қаңтар күні Мадридтегі ислам орталығында жүргізілген.

Неміс футболшысы 2013-2015 жылдары Мәскеудің «Спартагы» сапында өнер көрсеткен. Ал өткен жазда испан клубына ауысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1042738-tanymal-nemis-futbolshysy-islam-dinin.html