RU

Қазақстанда жетінші жыл қатарынан ажырасатындар саны күн санап көбейіп барады

Қазақстанда үшінші жыл қатарынан некелер саны азайып, жетінші жыл қатарынан ажырасу саны көбейіп барады.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің дерегіне сүйеніп ҚазТАГ хабарлайды.

Жарияланған статақпарларға сәйкес, 2015 жылы  148 769 неке қиылса, 2014 жылы – 159 328 неке, 2013 жылы – 168 417 неке,  2012 жылы – 164 681 неке, 2011 жылы – 160 494 неке, 2010 жылы – 146 443 неке, 2009 жылы – 140 386 неке, 2008 жылы – 135 280 неке, 2007 жылы – 146 379 неке қиылған.

Бұл ретте ажырасу саны: 2015 жылы - 53 293, 2014 жылы - 52 673, 2013 жылы - 51 482, 2012 жылы - 48 513, 2011 жылы - 44 862, 2010 жылы - 41 617, 2009 жылы - 39 257, 2008 жылы - 35 852 және 2007 жылы - 36 107.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1042849-qazaqstanda-zhetinshi-zhyl-qatarynan-azh.html