RU

Журналистің қойған сұрағын көтере алмаған генерал есінен танып қалды

АҚШ-тағы Пентагонның Әскери әуе күштерін қаржыландыру жобасы туралы баспасөз жиыны генерал-майор Джеймс Мартинді есінен тануға дейін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ порталы dni.ru сайтына сілтеме жасап.

Құлап бара жатқан генералды қасында тұрған әріптесі дер кезінде ұстап үлгерген. Оны жедел түрде жиыннан шығарып, емханаға алып кетті.

Қазір оның жағдайын дәрігерлер қалыпты деп бағалап отыр. Алдан ала мәлімет бойынша, Джеймс аяқ-асты қысымы көтерілгеннен талған.

Кей деректерге сәйкес, ол өзін іс шара басталамай жатып нашар сезінген. Алайда оның денсаулығы репортер F-35 жойғышына қанша қаражат кеткені туралы сұрағанында күрт нашарлаған.

Еске салсақ, бұған дейін америкалық әскери мекеме "Ресейді ұстап тұру үшін" АҚШ бюджетінен қосымша 4,3 миллиард доллар сұратқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1042966-aqsh-ta-aak-generaly-baspasoz-zhiyny-kez.html