RU

Аслан Сәрінжіпов «Назарбаев Қорының» президенті болып тағайындалды

Бұрынғы Білім және ғылым  министрі Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов «Назарбаев Қорының» президенті және Nazarbayev University қамқорлық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.

Аслан Сәрінжіпов Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Оклахома Университетін, Вена дипломатиялық академиясын аяқтады. Әр жылдары «Үкімет жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ басқармасы және Ұлттық Банк төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Экономикалық даму, қаржы, білім беру мәселелеріне жетекшілік етті. «Назарбаев Университеті» автономиялық білім беру ұйымының атқарушы кеңесінің төрағасы болды. 2013 жылғы 2 қыркүйектен 2016 жылғы 10 ақпан аралығында Білім және ғылым министрі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1043171-aslan-sarinzhipov-nazarbaev-qorynynh.html