RU

Астронавт ғарыштан найзағайды бейнекамераға түсіріп алды (видео)

Халықаралық ғарыш станциясының бортында жүрген британдық астронавт Тим Пик (Tim Peake) Жер бетінен 400 шақырым биіктіктегі найзағай жарқылдарын бейнекамераға түсірді.

Ол бейнені өзінің Instagram парақшасында жариялады деп жазады Skifnews.kz.

Айта кетейік, НАСА-ның бірнеше астронавты ғарышқа ұшар алдында фотооператордың арнайы курсынан өтіп, суретке түсірудің қыр-сырын меңгерген болатын. Қазіргі экипаж командирі Скотт Келли аталған курс барысында үйренген тәжірибесін Тим Пикпен бөлісті.

Сондай-ақ, НАСА өз ғарышкерлерін әлеуметтік желілерді белсенді пайдалануға да үгіттеп келеді.

Отставкадағы әскери ұшқыш, майор Тим Пик Халықаралық ғарыш станциясына 15 желтоқсан күні ұшып келді. Ол Еуропалық ғарыш агенттігінің сапынан ғарышқа ұшқан алғашқы Ұлыбритания азаматы. Онымен бірге ғарыш станциясына ресейлік Юрий Маленченко мен америкалық астронавт Тимоти Копра да келіп жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1043297-astronavt-gharyshtan-nayzaghaydy-beyne.html