RU

Мақпал Жүнісованың Алтынбек Қоразбаевтан алған сыйлығы көшірме болып шықты (фото)

Мақпал Жүнісова Алтынбек Қоразбаевтан сыйлық аламын деп басы дауға қалды. Мәселе әншінің әріптесінен алған сыйын өз парақшасына жариялаудан басталған, деп хабарлайды Baistars.kz.

Алтынбек Қоразбаев әншінің өткен туған күніне орай оның портретін салдыртып, кешіктіріп сыйлаған.

Мақпал Жүнісова сыйлыққа риза болып, бірден суретке түсіп, парақшасына жариялап жіберген. Ал кейін оқырмандары суреттің басқа әншінің суретінен көшірме деп жаза бастайды.

Ең алдымен, оқырмандар портреттің Мақпал Жүнісоваға онша ұқсамайтындығын айтқан. Ал кейін, тіпті үстіндегі костюмі танымал дәстүрлі әнші Гүлмайдан Сүндетованың киіміне ұқсайтындығын жазған. Гүлмайдан Сүндетованың дәл осындай киімі мен бас киімі бар көрінеді.

Мәселенің мән-жайын түсіндірген Мақпал Жүнісова бұл сыйлық екенін және суретшіге өзі арнайы отырып, түспегенін айтты.

«Үйге келіп, портретті ашсам, расында костюмі де, әшекейлері де менікі емес, қолдары да ұқсамайды. Оны тіпті Гүлмайдан Сүндетованың костюмдерінен көшіріп алған деп жатыр. Фотошоппен сала салған дейді біреулер. Қалай болғанда да, бұл сыйлық қой, қалай мен оны жаман деп айтамын? Оқырмандардың пікірін оқып, көңіл-күйім түсіп отыр. Мені біреудің киімін киіп суретке түседі деп қалай ойлайды?», — деді әнші.

Ал кейін Халық әртісі бұл суретін Instagram-нан тіпті өшіріп тастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1043683-maqpal-zhunisova-altynbek-qorazbaevt.html