RU

Ділнәз Ахмадиеваның астаналық марқұм студентке қабырғасы қайысты (фото)

Әнші Ділнәз Ахмадиева Instagram парақшасына Астанада азаптап өлтірілген марқұм студент Ерасыл Әубәкіровпен түскен суретін жариялады.

"Қандай керемет жігіт еді! Тым жас, сондай көңілді жүретін еді! Музыкалық қабілеті бар, мейірімді, сондай тәрбиелі еді! Мәңгілік жадымыздасың! Есіміздесің! Жатқан жерің жайлы болсын!", - деп жазды әнші жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, марқұм Ерасыл Әубәкіров қазақстандық X-Factor жобасына қатысқан болатын. Ділнәз Ахмадиева дарынды жігітті сол байқаудан жақсы таныған.

Еске сала кетсек, бір апта бұрын 23 жастағы астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтың із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Кейіннен медицина университетінің 6-курс студенті Ерасылдың өлі денесі қар астынан табылған еді.

Жақында ғана ғаламторда жас жігіттің азаптап өлтірілгені туралы видео пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1043828-dilnaz-akhmadieva-erasyl-aubakirovti.html