RU

Месси отадан кейін жаттығуға кірісіп кетті

Испанияның «Барселона» командасы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 9 ақпан күні бүйрегіне жасатқан отасынан кейін кеше жаттығуына қайта кірісті.

Бұл туралы Gazeta.ru ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Католония клубының сайты, бұрын дәрігерлер уәде бергендей, белгілі футболшының 11 ақпан, бейсенбі күні жаттығуын жалғыстырды. Сонымен бірге спортшының команда 14 ақпан күні өз алаңында «Сельтаны» қабылдағаннан кейін толық қалпына келуге тиіс екені айтылып отыр.

Қазір жүріп жатқан Ла-лига чемпионатында аргентиналық форвард 17 ойыннан 12 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1043944-messi-otadan-keyin-zhattyghugha-kirisip.html