RU

Баян Есентаева өздерін "ұры" деп айыптаған арнадан кешірім сұрауды талап етті (фото)

Отандық Gakku телеарнасы  “Алау” тобының “Гүл әпше” атты бейнебаянын ғаламтор желісінен мүлдем өшіріп тастады. Әнші жігіттердің ашуға булыққан продюсері Баян Есентаева арна басшылығынан ресми түрде кешірім сұрауды талап еткен болатын.

Көрерменіне жақында ғана жол тартқан "Алау" тобының "Гүл әпше" әні отандық арналардың сынына ұшырады.

“Бізді қанша сөксеңіздер де, жетістікке ешкім тосқауыл бола алмайды, сол үшін біздің өнеріміз сұранысқа ие. Айтпақшы, бізді "Гәкку" арнасы ұры деп жөнсіз айыптады, біле білсеңіздер, бұл әнді біздің авторлар жазды деп ешкім айтқан жоқ”, – деді Есентаева Instagram парақшасында.

Продюсер тамыры тереңде жатқан туындыны кезінде Эдит Пиаф орындағанын еске салды. Аталмыш әнді 30-жылдары Мария Лэтэрэцу есімді әнші орындаған.

Продюсердің мәлімдемесінен соң, "Гәкку" арнасы Youtube желісінен "Алау" тобының екі бейнебаянын өшіріп тастады.

Музыкалық арнадан мұндай жауапты күтпеген Баян Есентаева Gakku арнасы продюсердің шәкірттерінің барлық бейнебаянын өшіріп тастаса да, таң қалмайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1043973-bayan-esentaeva-ozderin-ury-dep-ayypta.html