RU

Шымкентте киім дүкенінен шалбар ұрламақ болған бойжеткен ұсталып қалды

Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінде орналасқан киім бутигінен джинсы шалбарын ұрламақ болған 18 жастағы бойжеткен қолға түсті деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Skifnews.kz.

Ұсталған бойжеткен Мақтарал ауданының тұрғыны. Ол шалбарға жабыстырылған электронды қондырғыны жұлып алып, киімді сөмкесіне салып шықпақ болған. Алайда, мұны байқап қалған сатушылардың бірі күзетті шақырып, бойжеткеннің қылмысын әшкере қылды.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер айғақ зат ретінде тәркіленген шалбарды иелеріне қайтарып, күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша іс қозғады. Енді мектепті кеше ғана бітірген бойжеткен қыз алдағы бірнеше жылын түрмеде өткізуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1043992-shymkentte-kiim-dukeninen-shalbar-urla.html