RU

ДАИШ содырымен жыныстық қатынасқа барған швейцариялық әйел жазаланды

Швейцариядағы колонияда бақылаушы болып қызмет ететін 32 жастағы Ангела Медичи осында жатқан ДАИШ-тің 27 жастағы содыры Хасан Какомен жыныстық қатынасқа барып қойғаннан кейін онымен бірге қашып кетті.

Бұл туралы The Daily Mail газетінің дерегіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

«Сириялық Швейцария түрмесіне өзінің секс әрекеті үшін түскен еді. Ол Цюрихте 15 жасар оқушы қызды зорлап жіберген», – делінген хабарламада.

Тергеуде Хасан өзін «Ислам мемлекетінің» лаңкесі ретінде іздестіріп жатқан Сирия үкіметінен қашып жүргенін жасырмады.

Колонияға түскеннен кейін Како өзін тым томаға-тұйық ұстаған жоқ. Айтқандай, Цюрихтің түрмесі іс жүзінде санаторийге ұқсайды. Бұрынғы терроршы осы жерде спорт залына барып тұрған, жақсы тамақтанып, интернетпен айналысқан, тіпті батыл болып алғаны сондай, бақылаушы әйелмен махаббат та құрып үлгерген.

Әйелді Хасанның сыртқы келбеті, дене бітімі қатты қызықтырса керек. Ол жігітке бірден беріле кеткен. Ангела содырдың түрмеден қашып шығуына көмектескеннен кейін қолға түсіп қалғанда да, оның әріптестері Хасанмен тап осы колония ішінде жыныстық қатынасқа барғанына сене қоймапты.

Қазір бақылаушы әйел ұсталды. Ал содыр қашып кетіпті. Ол Цюрихтен қара түсті BMW X1 көлігімен шыққан көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044021-daish-sodyrymen-zhynystyq-qatynasqa-ba.html