RU

Жапонияда ғашықтар күніне құны 120 000 доллар тұратын торт дайындалды

Ғашықтар күні қарсаңында Takashimaya (Осака, Жапония)  кондитерлік дүкенінде құны 14,1 млн йен болатын шоколадты торт пайда болды.

Бұл шамамен 120 000 доллар, деп хабарлады Kedem-ге сілтеме жасап Қазақпарат.

Торт шоколадтан жасалған пішіндермен безендірілді, алайда оның қымбат болуына 125 нағыз гауһар тастың болуы әсер етті.

Жапонияда ғашықтар күнінде нәзік жандылар сүйіктілеріне шоколад, ал ерлер бұдан қымбаттырақ, маңыздырақ сыйлық береді. Жасаушылардың сөзіне қарағанда, шоколадты торт екі жағдайға да сай келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044083-zhaponiyada-ghashyqtar-kunine-quny-120-000-doll.html