RU

Бауыржан Жолчиев алдағы маусымда қай клубтың сапында ойнайтынын өзі де білмейді

"Астана" футбол клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Жолчиев клубсыз жүр. Тіпті футболшының өзі алдағы уақытта қай клубтың қатарында ойнайтынын білмейді, деп жазады Kazfootball.kz порталына сілтеме жасап baq.kz жазды.

"Қазір Алматыдамын. Өздігімнен жаттығу жұмыстарын жасап жатырмын. Ал, алдағы уақытта қай клубта ойнайтынымды өзім де білмеймін. Бұл шаруамен менің агенттерім айналысып жатыр. Агенттерімнің айтуына қарағанда, бірнеше шет елдік клубтардан ұсыныс түскен екен. Бірақ, мен ол клубтардың атын білмеймін. Қазақстандық клубтардың ешқайсысымен оқу-жаттығу жиындарына бармадым. Ақпан айының соңына дейін қайда өнер көрсететінім белгілі болып қалар. Сол кезде хабарласыңыздар", - деді Бауыржан Джолчиев Kazfootball.kz порталының тілшісіне.

Еске сала кетейік, өткен маусымды 25 жастағы жартылай қорғаушысы елорданың "Астана" клубы сапында өткізді. 2015 жылдың соңында футболшының клубпен келісім-шарт мерзімі аяқталған болатын. Сол уақыттан бері Бауыржан Джолчиев клубсыз жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044128-bauyrzhan-dzholchiev-aldaghy-mausymda-qa.html