RU

Қазақстанда әскерилерді өтірікті анықтайтын детектормен тексермек

Қазақстан қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлерді тексеру үшін өтірік айтқанды анықтайтын детектор қолданатынын мәлімдеді.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Министрлік мәлімдеуінше, детектор "әскерилердің заңға қайшы әрекеттерінің алдын алу үшін" қолданылады. Министрлік детектор әскерилердің діни экстремистік ұйымдармен, шетелдік әскери және қылмыстық элементтермен байланысы бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді дейді.

Қорғаныс министрлігі бұған қоса өтірікті анықтайтын детекторді қолдану алкоголь пайдалану, есірткі қолдану фактілерін, құмар ойындарға әуестікті және суицид жасау әрекетін анықтауға көмектеседі дейді.

Құзырлы орган детектор алғаш биылғы жарты жылдықта азаматтарды әскерге шақырауға жауапты қорғаныс істері жөніндегі территориялық органдарда қолданыла бастайтынын айтады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044241-qazaqstanda-askerilerdi-otirikti.html