RU

Павлодарда ғашықтар 9-шы қабаттан секіріп кетті

Павлодар қаласында 9 қабатты үйлердің бірінен қыз бен жігіт секіріп кетті. Абырой болғанда, олар дүкеннің шатырына құлап, аман қалды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Әзірге жастардың не себепті мұндай қадамға барғаны белгісіз. Оны тергеу амалдары көрсетеді. Қазіргі уақытта олар Павлодар қалалық №1 ауруханада жатыр.

Бас дәрігердің емдеу-алдын алу жөніндегі орынбасары Ермек Кучуковтың айтуынша, қос азамат жан сақтау бөліміне түскен.

«Қыз бен жігіт биіктіктен құлап кетті. Бақытымызға орай, тірі қалды. Тоғызыншы қабаттан астындағы дүкеннің шатырына құлаған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жігіт 26 жаста, ал бойжеткен 20 жаста. Жағдайлары ауыр, олар есеңгіреп қалған», - дейді Кучуков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044256-pavlodarda-qyz-ben-zhigit-9-shy-qabattan-s.html