RU

Өзбекстанда қалың жауған қар тұрғындарды таңырқатты

Өзбекстанда көптен бері көрініс таппаған оқиға орын алды. Республиканың барлық аймағы бір мезгілде қалың қардың астында қалды.

Бұл туралы «Узгидромет» мәліметіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Әдетте Қызылқұмның шөлді аймағында қыс пен көктем айларында жылына 100-200 миллиметр көлемінде ғана ылғал түсуші еді. Қазір бұл жерлердің бәрі қалың қар жамылды.

Таң қаларлығы, республиканың ең бір ыстық және шөлейтті өңірлеріне қардың көбірек түскені байқалады. Ал Қызылқұм аумағындағы қардың қарқыны көршілес Түрікменстан мен Қазақстанның облыстарына да әсерін тигізген.

«Елдің ең ыстық нүктесі – Қызылқұм шөліне жауған қардың мөлшері өте көп. Ол Бұхара және Навои облыстарының бір бөліктерін қамтиды. Мұндай құбылыс аймақ үшін өте сирек кездесетін құбылыс болып табылады», - дейді Өзбекстан мемлекеттік табиғат комитетіндегілер.

Осымен бір мезгілде, тұтастай алғанда, Өзбекстанда биылғы қыс жылы, іс жүзінде ешқандай аязсыз қалыпта өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044334-ozbekstanda-qalynh-zhaughan-qar-turghynd.html