RU

Шымкенттік полицейлер дөкейлердің көлігін дымын қалдырмай тоқтатып жатыр (фото, видео)

Шымкенттік полицейлер ауқатты азаматтардың жол талғамайтын әрі қымбат нөмірлі көліктерін тоқтатып, қараңғылатқан терезелеріндегі жапсырмаларды өздеріне алғызып тастады.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шенді қызметкерлердің мұндай әрекетіне қала басшысының өзі себепкер болған. Тек қана дөкейлердің тұлпарлары емес, қарапайым көліктер де полицейлердің назарына ілінген.

Рейдтік шаралардың бүгін жалғасып жатқанына үшінші күн. Полицейлер тіпті жол бойында тоқтап тұған көліктердің де дымын қалдырмай, айыптұрағына әкетіп жатыр.

Шара барысында терезелерін қараңғылатқан жүргізушілердің кейбіріне ескерту берілсе, енді бірі әкімшілік жауапқа тартылатын болады. Айта кетейік, мұнда шара көлік иелерінің заңға қайшы әрекеттері тоқтамайынша жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044345-shymkenttik-policeyler-dokeylerdinh-k.html