RU

Ақтөбе облысында дүкенін тонап кеткеніне шыдамаған әйелдің жүрегі жарылып кетті

Ақөбе облысы Алға ауданында дүкенін тонап кеткеніне шыдамаған кәсіпкер әйелдің жүрегі жарылып кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Актобе Таймс" басылымына сілтеме жасап.

59 жастағы "Шаңырақ" дүкенінің қожайыны 9 ақпан күні ертесімен жұмысына келіп, есеңгіреп қалған. Оған тиесілі сауда нүктесіне ұрылар түсіп, ондағы азық-түліктерді көтеріп кеткен екен. Зардап шегуші бірден полицейлерге хабар беріп, шығынын есептеуге кіріседі.

Сол жерде зейнеткердің денсаулығы сыр беріп, бір сағаттан кейін жүрек талмасынан көз жұмады. Тергеу бұған ұрлыққа жаны күйзелгені себеп болған-болмағанын анықтау үстінде.

Әйел ұрлық туралы арызды сол күйі жазып үлгермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044351-aqtobe-oblysynda-dukenin-tonap-ketke.html