RU

Шымкентте 35 мың еуроға өнер көрсеткен Авраам Руссо биыл тағы шақырту алды (видео)

Ресейлік жұлдыз Авраам Руссо Шымкентке биыл тағы шақырту алды. Әнші "Шымкент" қонақүйіне тұрақтап, көпшіліктің назарынан тыс, жабық мерекелік кеште өнер көрсетпек, деп хабарлайды TVK арнасы.

Мерекелік кешті ұйымдастырушы жергілікті агенттіктердің бірі ресейлік әртісті өткен жылы да шақырғанын мәлімдеді. Банкетте танымал әндерінің бірнешеуін шырқау үшін тапсырыс берушілер Авраам Руссоның Нью-Йорктен Шымкентке келіп, өнер көрсеткеніне 35 мың еуро төлеген.

Ресейлік жұлдыздың бұл жолғы қаламақысының сомасы әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044371-shymkentte-35-mynh-eurogha-oner-korsetken.html