RU

Қытайдағы қазақ азаматы қала әкімі болып тағайындалды

Қытайға қарасты Тарбағатай аймағы, Шиху қаласының бастығы болып, қандасымыз Дәлелбек Кенжеқанұлы тағайындалды деп хабарлайды baq.kz.

«Тәңіртау» торабының дерегінше, Дәлелбек Кенжеқанұлы Шиху қалалық 4 кезекті халық құрылтайы, 2 жалпы мәжілісінде сайланған. Құрылтай жиынына қатысқан 148 өкіл жасырын дауыс беріп, соңында қала әкімдігіне қандасымыз лайық  деп танылыпты.

Шиху - Жоңғар жазығының жиегіне орын тепкен, тоғыз жолдың торабы саналатын маңызды, тарихи қала. Ежелде ойраттардың хошут тілінде Шиху – «Көр харусұн» деп аталыпты. Бұның мағынасы «мол қара су» деген сөз болса керек.

Ежелгі Жібек жолы да осы Шиху қаласынан өткен. Шихудың тағы бір ерекшелігі - онда елге әйгілі Ақ сексеуіл қорығы бар. 1945 жылғы Гоминдаң қытайларына қарсы соғыста қала әскери бекініс болып, штаб орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044479-qytaydaghy-qazaq-azamaty-qala-akimi-bo.html