RU

Ақтөбеде биіктен құлаған өзбек жігіті ішек-қарнын кесіп алды

Ақтөбеде үш метр биіктіктен құлаған азамат профлистке ішек-қарнын кесіп алған. Науқас ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен.

Бұл туралы Керек-инфо тілшісіне ЖЖМА хирургы Мәди Балшанбаев айтты.

Оқиға 10 ақпан күні болған. Өзбекстан азаматы Батыс-2 аудандағы құрылыс компанияларының бірінде жұмыс істейді. Ақтөбеге отбасымен көшіп келген. Үш баласы бар.

"Коттеджді жөндеп жатыр едік. Биіктігі үш метр болатын құрылыс снарядының үстіне шықтым. Содан ағаш есектің үстіне секірдім. Ағаш есек аяқ астынан шайқалып кетті. Мен профлисттің үстіне құладым",- дейді Хамит.

ЖЖМА кезекшілікте сол күні хирург Мәди Балшанбаев болған. Айтуынша, Хамит ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Аш ішегіне зақым келген. Әрі қан қысымы жоғарылап кеткен. Науқастың ішкі құрылысына ота жасалған. Есін жиған. Қазір жалпы палатада жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044613-aqtobede-biikten-qulaghan-ozbek-zhigit.html