RU

Ғашықтар күнінде Алматыдағы метро жолаушыларына "валентинкалар" таратылады

Ғашықтар күнінде Алматы қалалық метрополитенінде жолаушыларға  "валентинка" түріндегі купондар таратылады деп хабарлайды "Метрополитен" КМК.

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазады.

"Метро логотипі бейнеленген ашық хаттар серіктес компаниядан бірқатар акцияларға жеңілдіктер ұсынады. Одан бөлек, "Абай" және "Байқоңыр" бекеттерінде мерекелік тақырыпта конструкция орнатылады, соның аясында барлық қалаушылар суретке түсе алады"- делінген хабарламада.

Әулие Валентин күні әлемнің түрлі елдерінде 14 ақпанда мерекеленеді. Қазақстанда бұл мереке өткен ғасырдың 90 жылдары атап өтіле бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044648-ghashyqtar-kuninde-almatydaghy-metro-zho.html