RU

Әлия Юсупова икемі келмесе де, қызының гимнастикамен шұғылданатынын айтты

Көркем гимнастикадан Азияның абсолютті чемпионы, қазіргі бапкер Әлия Юсупова Шымкенттегі көркем гимнастика кешені туралы баяндап берді.

Сондай-ақ, қызы Әминаның көркем гимнастикаға икемі келмесе де осы спортпен айналысып жүргенін жасырмады. Бұл туралы ол «Шымкент келбеті» газетіне берген сұхбатында мәлім етті деп жазады Корреспондент.

"Бізге Қарағанды, Қызылорда, Өскемен, Астана және Алматыдан спортшылар жаттығу үшін келді. Оларға ыңғайлы болу үшін қонақүй кешені де бой көтерген. Мен Мәскеуде жаттыққан кезде дәл осындай жағдай жасалған еді. Бақытымызға орай, шымкенттіктер үшін де заманауи спорт кешені салынды", - деді көркем гимнастика шебері.

Содан соң, ол перзенттерінің тәрбиесіне тоқталып өткен.

"Менің көп уақытым жұмыста өтеді... Балаларымды тәрбиелеуде ата-анам қолғабыс етуде. Оларға алғысым шексіз. Қызым 5-ке, ал ұлым 3 жасқа келді. Қызымның гимнастикаға икемі жоқ болса да, осы спортпен айналысып жүр. Ұлымның да қабілеті бар. Маған ұқсаған. Күйеуім «бір отбасыға бір чемпион жетеді!» дейді әзілдеп. Ұлымды қай спорт түріне беретінімізді уақыт шешеді", – деп ағынан жарылған көркем гимнастиканың Қазақстандағы примасы Әлия Юсупова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044714-aliya-yusupova-ikemi-kelmese-de-qyzynynh.html