RU

Данияр Ақышев өзінің ешқандай ақшалай жинағы жоқ екенін мәлімдеді

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев дәл қазір ақшалай жинағы жоқ екенін айтты.

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Бізде көптеген отбасылардағы сияқты күнделікті шығындарға жұбайым жауап береді. Ал ірі көлемде сатылым жасайтын болса, оны бірге ақылдасамыз. Дәл қазіргі отбасылық шығындар қаржыны жинауға мүмкіндік бермей жатыр. Біз қаржыны балалардың қосымша білім алуына жұмсаймыз. Меніңше, бұл менің жағдайымжағы ең кірісі көп, ұзақ уақытқа салынған инвестиция", - деді Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы өзінің ешқандай жинағы жоқ екенін және жалақысын тек теңгемен жұмсайтынын айтты.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044757-daniyar-aqyshev-ozininh-eshqanday-aqshala.html