RU

Серік Сәпиев Болманов шығаратын батарейканы жарнамалайтын болды

Олимпиада чемпионы, атақты боксшы Серік Сәпиев тағы да жарнама ролигіне түседі. Бұл жолы чемпион «Бал-бала» брендімен нарыққа шығып жатқан қуаттағыш құрылғыларды (батарейка) жарнамалайды.

сапиев

Бұл жөнінде аталған жобаның авторы, әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов өзінің инстаграм желісіндегі парақшасы арқылы көпшіліктен сүйінші сұрады деп жазады Корреспондент.

«Алла бұйыртса, Серікпен Балбала батарейкаларына «реклама» түсіргелі жатырмыз. Энергия, күш, жеңіс деген мағынамен... Алла берекесін берсін!..» деп жазды Болманов.

Оқырмандары шоу-бизнес өкілінің бұнысына сәттілік тілесе, енді бірі «Головкин – самсунг, Илья – элджи, Назым – каспи банк, спортшылардың бәрін жарнамадан көреді екенбіз ғой» деп пікір қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044770-serik-sapiev-oyynshyqtardynh-batareyk.html