RU

Астанада «Әбу-Даби Плаза» кешені өртенді (фото, видео)

Астана қаласында көп бейінді «Әбу Даби Плаза» кешені өртенді.

Ішкі істер министрлігі ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, өрт туралы хабар кезекші бөлімге сағат 04:40-та түскен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарлама түскеннен кейін 10 минут ішінде өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетті.

Өрт сөндірушілер жеткенде өрт 25 қабаттан 11 қабатқа дейінгі аймақты шарпыған деп хабарлайды NUR.KZ Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Оқиға орнына Ішкі істер министрі, полицияның генерал-полковнигі К.Н. Қасымов пен министрдің орынбасары В.К. Божко келіп жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт дизельді отынмен жұмыс істейтін құрылғыдан шыққан.

Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында өрт сөндіруші 60 қызметкер жұмыс істеуде. Және 17 техника жұмылдырылған.

 Видео: Ruslan Ahmedov

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044924-astanada-abu-dabi-plaza-kesheni-orte.html