RU

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады

Алдағы демалыс күндері, яғни 13-15 ақпанда Қазақстандағы ауа райына Сібір антициклонының сілемдері ықпал етіп, республиканың көптеген облыстарында (шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарынан басқа) күн ала бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады деп хабарлады ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы қалыпты температурадан 3-6º төмен болады, бірақ жауын-шашынсыз.

Тек республиканың орталығында және солтүстігінде жақын арадағы тәулікте атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде аздаған қар жауады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде көру қашықтығы 100-500 м дейін тұман түседі.

13 ақпан күні фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батыс және солтүстігінің кей жерлерінде аздаған қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшейюі күтіледі деп хабарлады Ішкі істер министрлігі ТЖК баспасөз қызметінен.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейюі күтіледі.

Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, түнде Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044949-13-aqpan-kuni-qazaqstannynh-soltustigin.html