RU

Ыстамбұлдың орталығында бес қабатты ғимарат опырылып түсті

Ыстамбұл қаласының орталығында бес қабатты ғимарат опырылып түсті. Оның ішінде адамдар болуы мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-би-сиге сілтеме жасап.

«Хабертүрік» телеарнасы, алдын ала мәліметтер бойынша, ешкім зардап шекпегенін хабарлап отыр.

Ғимарат Ыстамбұлдағы ең танымал жаяу жүргіншілер көшелерінің бірі - Истикляль көшесіне жақын орналасқан.

Истикляль орталықтағы Таксим алаңынан басталып, Алтын Мүйіз шығанағына қарай созылып жатыр.

Құрылыстың бірінші қабатында дәмхана орналасқан, бірақ ғимарат құлаған кезде оның ішінде адамдардың болған-болмағаны әзірге белгісіз болып отыр.

Кейбір мәліметтер бойынша, мекеменің иесі ғимараттың опырылып құлайын деп тұрғанын сезіп, далаға шығып үлгерген.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр деп хабарлады Hurriyet газеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1044969-ystambuldynh-ortalyghynda-bes-qabatty.html