RU

"Бақай" тобының әншісі бесінші рет әке атанды

Қазақстандық шоу бизнес өкілдерінің арасында бэби-бум жалғасуда. Қазақстан сахнасындағы көп балалы әкелердің қатарын 12 ақпан күні «Бақай» тобының әншісі Бек Шәріп толықтырды деп хабарлайды Baistars.kz.

Үш қыз бір ұл тәрбиелеп өсіріп отырған ардақты әке 10 ақпан күні тағы да бір ұл баланың әкесі атанды.

12 ақпан күні баласы мен жарын перзентханадан Бек Шәріп достары «Азия» тобының жігіттері мен Райым Уайыс, Өмірқұл Айниязов, Асқар Жүнісбеков болып флэшмоб жасап шығарып алды.

Әзірше сәбидің есімі белгісіз, себебі сәбиге есім беру мәртебесі ата-апасының еншісіне бұйырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1045013-baqay-tobynynh-anshisi-besinshi-ret-ake.html