RU

Медведев: НАТО мен Ресей қырғи-қабақ соғыстың алдында тұр (видео)

Мюнхенде өтіп жатқан қауіпсіздік жөніндегі конференцияда сөз алған Ресей премьері Дмитрий Медведев НАТО елдері мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың шиеленіскенін, жағдайдың қырғи-қабақ соғыс кезіндені ахуалға қайта шегінгенін айтты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Біртұтас Еуропа ақыры болмады, біздің экономикаларымыз өте баяу өсуде. Таяу Шығыс елдерінде, Солтүстік Африкада жағдай ушықты. Миграциялық коллапс орын алуда. Еуроодақ пен Ресей қарым-қатынасы бұзылды, Украинада азаматтық соғыс болуда», - деген Дмитрий Медведев НАТО мен Ресей қарым-қатынасына қатысты да ойын білдірді.

«Күн сайы бізді біресе НАТО үшін, біресе жеке Еуропа үшін, енді бірде Америка, тағы басқа елдер үшін үлкен қауіп деп жариялап жатады. Орыстар ядролық соғыс бастайтыны туралы қорқынышты фильмдер түсірілуде. Кейде мен «Біз 2016 жылда жүрміз бе, жоқ әлде 1962 жылдамыз ба?» деген ойға қаламын», - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1045274-medvedev-nato-men-resey-qyrghi-qabaq.html