RU

ОҚО-да ауыл тұрғындары имамды ертіп алып, арақ сататын дүкендерді аралады (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына қарасты Шорнақ елдімекенінің тұрғындары дүкендерде сатылатын арақтарға жаппай тыйым салып жатыр.

Әлеуметтік желілердің бірінде қос видео пайда болды. Оны Gani Kasimov есімді желі қолданушы жариялады деп жазады Корреспондент басылымы.

Видеода имаммен бірге тұрғындар дүкендерді жекелей аралап, иелеріне шағымын айтуда.

«Бала-шағаны жіберуге қорқып қалдық. Өзіміз келсек, ішіп алғандар осында отырады. Тиіседі. Ақыры соңында жаға ұстасып қаламыз» деп шағымданған тұрғындар.

Ал имам болса, «Батеке, сізге айтайын, шариғатты айтайын. Құран оқытып, иқсан қылсаңыз, қабыл болмайды. Кімге барсаңыз оған барыңыз, ауыз ашар берсеңіз, қабыл болмайды. Мешітпен боласыз ба, халық жамағатпен боласыз ба? Халықпен боласыз ба? Әлде осыған бола бөлек шығасыз ба, өзіңіз білесіз? Ал енді халықты ренжітпейін, аттап өтіп кетпейін десеңіз, жақсы болады», - деп дүкен иесіне кеңес берген.

Сондай-ақ, екінші видеода дін жолындағы адам келесі бір дүкенге кіріп, «Сатылмайды деп уәде бересің ғой... Сататын болса, басқа жағдай болады», - деп саудагерге батасын берген.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1045333-oqo-da-auyl-turghyndary-imamdy-ertip-al.html