RU

Атырауда қарақшылар түркиялық жігітке шабуыл жасады

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, криминалдық полиция Атырау қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады деп жазады Ақ жайық басылымы.

Ол 8 ақпанда шамамен сағат 20.30-да басқа күдіктімен бірге 37 жастағы Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасаған.

Шетелдік үйінің жанында өзінің «Лексус» көлігінде отырған кезде бетперде киген екі жас жігіт машинаға жақындап келген. Қоқан-лоққы көрсетіп, оның 300 мың теңгесін алып қойған. Содан кейін өздерін айналма көпір маңына апарып тастауға мәжбүрлеген. Сол жерде оны ұрып-соғып, көлік дөңгелегін тесіп, оқиға орнынан бой тасалайды.

Қазір ұсталғандардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екінші қылмыскер іздестірілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1045383-atyrauda-qaraqshylar-turkiyalyq-zhigit.html