RU

Есентаеваның тағайындаған 1000 доллар сыйақысын жеңіп алғандар анықталды

Баян Есентаева 1000 доллар (ескі бағаммен) сыйақы тағайындаған байқауының жеңімпаздарын анықтады. Бұл туралы ол Instagram-дағы жеке парақшасында мәлімдеді.

"Мен өз дауысымды оң жағында тұрғанға берер едім, алайда екеуі тең күште емес, кішкентай бала өзінің жасына орай өте өнерлі ән орындады, байқаудың қиындығын ескеріп, мен жеңісті тең бөлуге шештім. Құттықтаймын. Ертең 87017505046 нөміріне хабарласыңыздар (жеңімпаздардың өзі келуі тиіс, сенімділік үшін) және адал еңбекпен тапқан ақшаларыңызды алыңыздар. Қатысушылардың бәріне үлкен рахмет" - дейді Есентаева.

Еске салсақ, белгілі продюсер Баян Есентаева Instagram парақшасында оғаш сайыс ұйымдастырған болатын. Ол балақайдың әнін айнытпай сала алатын адамға сыйақы тағайындайтынын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1045692-esentaeva-1000-dollar-syyaqy-taghayyndagha.html