RU

Айқын тыңдармандарын Валентин күнімен құттықтаймын деп сөзге қалды

Әнші Айқын Төлепберген әлеуметтік желіде тыңдарманын Валентин күнімен құттықтаймын деп басы дауға қалды. Әншінің парақшасына жазылған оқырмандар әртістің әрекетін қолдамайтынын жеткізді.

"Мейрам ба, мейрам емес пе, әр адам өзі шешеді. Ғашығыңа гүл сыйлағаннан бұл дүние кеміп кетпейді, керісінше мейрамның көп болғаны жақсы. С праздником Влюбленные", - деп жазған әртіс Instagram желісінде.

"Адам ғашығына гүл сыйлау үшін Валентин күнін күтудің қажеті шамалы, ғашығыңа күнде гүл сыйлап, күнде мейрам қыл қолыңнан келсе, кешегі күн мұсылман тойлайтын күн емес", - деп пікір қалдырған жанкүйерлер дені.

Ал әнші өз кезегінде тыңдарманын 15 сәуірде ғашықтар күнімен тағы құттықтауға уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1045706-ayqyn-tynhdarmandaryn-valentin-kunim.html