RU

Якутияда жас әйел өзін зорламақ болған жігітті өлтіріп, мәйітін балконға сақтап қойған

Якутияның шығыс қапталындағы Среднеколымск қалашығында 25 жастағы әйел үйінде меймандықта болған жігітті өлтіріп, денесін балконға сақтап қойған.

Бұл туралы ykt.ru ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Оқиға 2016 жылғы қаңтардың 23-нен 24-не қараған түні болған. 25 жастағы әйел 28-дегі ер кісімен танысып, оны өзінің пәтеріне қонаққа шақырады. Екеуі арақ ішіп отырғанда, араларында келіспеушілік туып қалады. Ол негізінен келген жігіттің әйелді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп көндірмек болған әрекетінен басталады. Сөз қағысы барысында өзін өзі ұстай алмаған әйел металл шыбықпен басынан бірнеше рет ұрады. Әйел мұнымен де тоқтамайды, есін жия алмай жатқан еркекке бірнеше жерінен пышақ салып алады.

Жігіт осы алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болады. Ал күдікті қылмыстыі ізін жасыру мақсатында мәйітті балконға шығарып, еденді жақсылап жуып алады.

Соңынан жоғалып кеткен ер кісіге іздеу жарияланады.

2016 жылғы 9 ақпан күні әйел басқа бір таныс ер кісісімен бірге арақ ішеді. Ол қызып алған кезінде өзі бұған дейін жасаған қылмысы жөнінде айтып қояды. Бұдан қатты секем алған еркек сол бойда құқық қорғау органдарына хабар береді. Осылайша қаскөй әйел қолға түседі.

Қазір күдікті уақытша оқшаулағышта отыр. Ол 2014 жылғы желтоқсанда кісі өлтірмек болғанында да қолға түсіп, 4 жыл, 6 айлық мерзімге сотталған екен. Алайда, жазаны өтеу жас балалары 14-ке толғанға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1045888-yakutiyada-zhas-ayel-ozin-zorlamaq-bolgha.html