RU

Ғалымдар: Ерлермен бірігіп жұмыс атқару әйелдердің беделін арттырмайды

Ерлермен біріге отырып, жұмыс атқаруы кезінде әйелдердің беделі арта қоймайды. Бұл олардың мансап дәрежесінің жоғарылауына едәуір әсер етеді деп жазады 24.kz.

Ғалымдардың тұжырымдауынша, мысалы, егер олар ерлермен бірігіп ғылыми мақала жазса, жоғарғы оқу орнына жұмысқа әйел емес, сол ер адамды алатын болған, деп хабарлайды The Daily Mail. Ал осындай ғылыми еңбекті бір өзі жазған нәзік жанды ғалымдардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары болған.

Осы ретте зерттеушілер АҚШ университеттеріне жұмысқа шақырылған 522 экономист туралы ақпаратты талдаудан өткізді. Сөйтсе, жұмыс берушілер ерлердің 77%-на бірден жұмыс ұсынған. Ал осындай ұсыныс әйелдердің тек 52 пайызына ғана жасалған болып шықты.

Ғалымдардың айтуынша, «еркек пен әйел бірігіп мақала жазған кезде ер адам жұмыстың көп бөлігін атқарып шығады» деген тұрақты пікір қалыптасқан. Зерттеушілер басшыларды жұмыс орнында гендерлік кемсітушілікке жол бермеуге шақырды, деп жазады MedDaily.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1046147-ghalymdar-erlermen-birigip-zhumys-atqa.html