RU

Қазақстанда таяу күндері -33 градусқа дейін аяз күтілуде

Синоптиктер Қазақсанда 16-18 ақпан күндері -33 градусқа дейін аяз болады деп болжауда деп хабарлайды "Қазгидромет" мемлекеттік метеоқызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

"Қазақстандағы ауа-райын анықтаушы антициклон, циклонның итеруімен Алтайға, Ресейдің Еуропалық оңтүстік-шығыс аумақтарына кетуде. Циклонның келуімен, еліміздің батыс және солтүстік-батыс облыстарында бұлтты, жауын-шашынды, кей жерлерде бұрқасын, 15-25м/с  жел мен көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басқа аумақтарының көбінде жауын-шашынсыз. Сонымен қатар солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлеріндегі көріну қашықтығы 500м тұман, 28-33º суық болу қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1046181-qazaqstanda-tayau-kunderi-33-gradusqa-de.html