RU

Голландиялық футболшылар алаңға жартылай жалаңаш қыздармен қол ұстасып шықты (фото)

14 ақпан күні Нидерланд еліндегі «Валвейк» клубы футболшылары өз алаңында өткен кезекті матчқа сұлу модель қыздармен қол ұстасып шықты.

Бұл туралы bloknot.ru дерегіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Жергілікті стадион басшылары «махаббат акциясы» деп атаған шараға жартылай жалаңаш қатысқан қыздардың суреттері мен видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Команданың «Эммен» клубымен ойынын көруге келгендер тосын жаңалыққа аң-таң болды. Футболшылар жасыл алаңға тек ішкиімдерімен жүрген қыздармен қатарласып беттеп келе жатты. Күлімсіреген қыздар футболшылардың сол қолдарынан ұстап, қастарында жарқ-жұрқ етіп көрінді. Олардың арасында «Мисс Бельгия-2016» атанған сұлу да болды.

Кейін анықталғандай, аталмыш акция «әулие» Валентин күні құрметіне жасалған екен.

Бірақ қанша жерден осындай қошемет көрсетілгенімен, «Валвейк» футболшыларын бұл күні алаңда сәтсіздік күтіп тұрды. Ол қарсыласынан 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Осыдан кейін «Валвейк» Нидерланд чемпионаты екінші дивизионында ең соңғы орынға түсіп қалды. Ол 24 ойыннан небәрі 18 ұпай жинаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1046306-gollandiyalyq-futbolshylar-alanhgha-zhar.html