RU

Орал тұрғындарын кинотеатр әжетханасына орнатылған бейнекамера шошытты (фото, видео)

Пустой зал в кинотеатре
Иллюстративное фото: pixabay.com

Оралдағы кинотеатрлардың бірінде әжетхананың ішіне бейнебақылау камерасы орнатылды.

Киноға келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысқан қалалық «Синема парк» кинотеатрының әкімшілігі бейнебақылау камерасын тура әжетхана ішіне орнатуды шешкен. Бұл туралы «Информбиржиnews» сайтының редакциясына кинотеатрға келгендердің бірі хабарлаған.

Ер азаматтарға арналған әжетхана ішіне расымен камера орнатылғанын дәлелдемек болған ол, тіпті бұл жағдайды видео мен фотоға түсіріп алған екен.

Кинотеатр әкімшілігі журналистерге түсініктеме беріп, камераның әжетханада темекі шегуді тыю үшін орнатылғанын және оның шын камера емес екенін алға тартқан.

Ал құқық қорғаушы Павел Кочетков болса, мұндай қадам заңға қайшы екеніне сенімді.

"Камера жалған екені - әкімшіліктің сылтауы ғана. Әжетханада камера орнатуға тыйым салынған, себебі бұл адамның жеке өміріне қол сұғу, әрі оған 147 бап бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - дейді ол.

Дегенмен мекеменің қауіпсіздік қызметі басшысы Қайрат әжетханадағы камераның жалған еместігін және оның тек әжетхана кіреберісіне бағытталғанын айтып отыр. Оның сөзіне сенсек, бұл терроризммен күрес үшін бағытталған қадам және БҚО Ішкі істер департаментімен алдын ала келісілген.

ІІД бұл жайтқа қатысты әзірге түсініктеме бермеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1046328-oral-turghyndaryn-kinoteatrlardynh-bi.html