RU

Павлодарда анасы мен қызы мұз астына түсіп кетті

Павлодарда ана мен бала Ертіс өзенінің мұз астына кетіп, жасы 50-ден асқан әйел көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ес-түссіз жансақтау бөліміне жеткізілген жеткіншектің өмірі үшін ақхалаттылар күресіп жатыр. Орталық жағажайдағы өзен суына кеткен әйел мен баланың денесін осы маңдағы тұрғындардың бірі аңғарып, көмек шақырған.

Дереу жеткен құтқарушылар азаматшаның өлі денесін судан алып шыққан. Ертістің мұздай суына түсіп кеткен ана мен баланың әзірге нақты кім және қайдан екені белгісіз.

"Қыз бала шамамен 6-8 жаста. Дене қызуы өте төмен, жағдайы ауыр. Жеткіншек суға тұншығып, қатты тоңып қалған", - дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жомарт Нұртазин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1046427-pavlodarda-anasy-men-qyzy-muz-astyna-t.html