RU

Гитлердің дауысымен айқайлап, пышақ ұстаған теңіз шаяны желі "қаһарманына" айналды

YouTube желісінде nedyken есімді пайдаланушы Гитлердің дауысымен айқайлап, пышақ ұстаған теңіз шаянының фотосын жүктеп, танымал болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Видеода Адольф Гитлердің рөлін сомдайтын швейцариялық әртіс Бруно Ганцтың дауысы салынған. Ол желіге жүктелген сәтінен бастап екі күннің ішінде ғана 257 мың рет қаралған.

Теңіз шаяны видеода қолына пышақ ұстап алып, неміс тілінде айқайлап жатқан жігіттен қашуға тырысады.

Ролик қай жерде түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1046560-gitlerdinh-dauysymen-ayqaylap-pyshaq-u.html