RU

Қанат Ислам Сауль Альвареспен кездесуді армандайтынын айтты

Белгілі  қазақстандық боксшы  Қанат Ислам  кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлады Inboxing.kz-ке сілтеме жасаған Қазақпарат.

«Менің арманым  - рингте мексикалық боксшы Сауль Альвареспен кездесу. «Үздікті жеңбей, үздік болмайсың» деген сөз бар ғой.  Бокста жүргенімізге де көп болды. Ол қалай соққы жасаса, мен де солай соққы жасай аламын. Онымен кездессем, шіркін! (Канело Альварес).  Бұл айқас болады деп үміттенемін. Күндердің күні бұл арманыма да жетемін», - деп мәлімдеді Қанат Ислам.

Еске сала кетейік, әлемдік бокс мамандары Сауль Альварес пен Геннадий Головкин кездесуі мүмкін деген жорамал жасап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1046693-qanat-islam-saul-alvarespen-kezdes.html