RU

Қазақстандықтар 8 наурызға орай неше күн демалады?

Қазақстан үкіметі 5 наурыздағы демалыс күнін 2016 жылдың 7 наурызына ауыстыру туралы шешім шығарды деп хабарлайды премьер министрдің ресми сайтында.

"Қызметкерлердің демалысына жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді жұмсау мақсатында 2016 жылдың наурызында үкімет сенбі - 5 наурыз күніндегі демалысты 2016 жылдың 7 наурызы - дүйсенбіге ауыстыру шешімін қабылдады", - делінген хабарламада.

Кей жұмыс орындары кәсіби ұйымдармен келісе отырып, 2016 жылдың 7 наурызын жұмыс күні етуге құқылы.

Аталмыш күндегі жұмысқа Қазақстан заңнамасына сәйкес ақы төленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1047033-qazaqstandyqtar-8-nauryzgha-oray-neshe-k.html