RU

Ақылбек Жеменей Мейрамбек Беспаевпен бірігіп бейнебаян түсірмек

Ақылбек Жеменей жуық арада Мейрамбек Беспаевпен бірігіп бейнебаян түсірмек. Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде жариялады.

"Ассалааумағалейкум, достар" Құдай қаласа "Биші қыз" әніне бейнебаян түсіру жоспарлануда", - деп жазды Жеменей жеке парақшасында.

Ал жаңалықты қуана қабылдаған жанкүйерлер қазақтың бетке ұстар әншілеріне қадамдары оң болуын тілеп жатыр.

"Біздің қазағымыздың бетке тұтатр әншілері аман болыңыздар! Әрқашан халыққа көрсетер жаңа әрі жақсы туындыларыңыз өте көп болсын", - деп жазды Жұлдыз Шынәлиева есімді ғаламтор қолданушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1047088-aqylbek-zhemeney-meyrambek-bespaevpe.html