RU

Бұрынғы әйелінен өш алмақ болған тұрғын көлігінің терезесін сындырып тастады

Ғашықтар күнінде Маңғыстау облысында оғаш оқиға орын алды. Бұрынғы әйеліне өштіккен азамат оның көлігінің быт-шытын шығарды деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Ладаға" сілтеме жасап.

34 жастағы Қарақиян ауданы Құрық ауылының тұрғыны 14 ақпан күні Ақтау ықшамауданындағы №43 үйдің маңынан бұрынғы әйелінің көлігін байқап қалады.

Оған өкпе сақтап келген азамат, келіншекпен жанжалдасып, көзінше көлігінің әйнегін шағады. Одан әрі көліктің есігін майыстырып тастайды.

Зардап шеккен 31 жастағы Ақтау тұрғыны полицейлерге хабар беріп, күдікті құрықталды. Оның үстінен соталды тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1047182-manhghystau-oblysynynh-turghyny-ghashyqta.html