RU

Қазақстан армиясы әлемдік рейтингте Өзбекстаннан қалып қойды

Қазақстан армиясы Global Firepower ұйымы құрастырған әлемдік рейтингте 126 орынның ішінен 66-орнын сақтап қалды деп хабарлайды ҚазТАГ.

Global Firepower ақпарына сәйкес, Қазақстан халқыныың саны 18,1 млн адам, оның ішінде жұмысқа қабілеттісі - 8,5 млн адам; әскерге жарайтындары – 6,44 млн адам. Жыл сайын әскерге шақыру жасына толатын қазақстандықтар саны  - 245 мың.

Сонымен қатар, Қазақстанда 110 мың әскери қызметкер  мен 378 мың резервтегі әскери қызметкер бар.

Бұл ретте Қазақстандағы әскери бюджет $2 млрд 435 млн құрайды, сыртқы қарызы - $157,1 млрд-қа тең.

Рейтингтегі алғашқы үш орынға сәйкесінше, АҚШ, Ресей  мен Қытай орналасқан. Сосын Үндістан, Ұлыбритания, Франция және Оңтүстік Корея тұр. Украина 25-орында, Беларусь 45-орында, Өзбекстан 54-орында, Әзірбайжан 64-орында, Армения 74-орында, Грузия 75-орында, Қырғызстан – 78-орында, Тәжікстан – 81-орында, Түркіменстан – 90-орында.

Соңғы үш орында Мали, Мозамбик және Сомали тұр.

Рейтингке барлығы 126 ел кірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1047328-qazaqstan-armiyasy-alemdik-reytingte.html