RU

McDonald's-тың жарнамасы мұсылмандардың наразылығына орай алынып тасталды

Қасиетті Мекке қаласының көшелеріндегі McDonald's жарнамалары мұсылман жамағатының наразылығын тудырды деп хабарлайды muslim.kz.

Нәтижесінде қала билігі «Барселона» футбол клубының ойыншысы Неймардың суреті бейнеленген жарнама жапсырмаларын алып тастауға бұйрық шығарды.

Қала билігінің мәлімдеуінше, жарнама мұсылмандардың діни сезімдеріне нұқсан келтіреді-мыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1047382-mcdonalds-tynh-zharnamasy-musylmandardynh-naraz.html