RU

Тасмағамбетов оңтүстік қолбасшылық әскерлерін тағы да дабылмен көтерді (фото)

16 ақпан күні Қарулы күштердің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының аумағында орналасқан әскерлердің жауынгерлік әзірлігін кенеттен тексерудің бірінші кезеңі басталды деп хабарлайды «Қамшы» порталы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

 

 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімдері мен Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті дабыл бойынша көтерілді.

 

Әскерлер оқу-жаттығу тапсырмаларын пысықтап, оқу-жаттығу полигондарына шыға отырып, 5 шақырым қашықтыққа құрамдастырылған тәсілмен марш жасады.

 

Тараздан Отарға шамамен 160 бірлік техника жіберілді. Сондай-ақ Луговой станциясынан Отарға дейін артиллериялық эшелондарды тиеу жүргізілді. Мұнда жауынгерлік оқ атулар өткізіледі. Қызылордада дабыл бойынша Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, қаланың қорғаныс істері жөніндегі басқармасы және облыстың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері көтерілді.

 

Алынған белгіге сәйкес, штаб және құқық қорғау, арнайы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақтелеком мен Қызылорда облысының жергілікті атқару органдарының қызметкерлері хабардар етілді. Ал жаңадан құрылған арнайы мақсаттағы бөлімше оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде іс-қимылдардың үйлесімділігін пысықтады.

Тексеріс шеңберінде әскерлерді таңсық полигондарға жөнелту жүзеге асырылды. Бұл жерлерде жақын күндері оқу-жаттығулардың белсенді фазасы басталады.

Тексерістің негізгі мақсаты қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімділігін бағалау болып табылады.

Жауынгерлік әзірлікті тосыннан тексеру бүгінгі күні Қарулы Күштердің шынайы жауынгерлік әзірлігін айқындаудың пәрменді әрі батымды тәсілдерінің бірі, сондай-ақ әскерлердегі істердің шынайы жай-күйін зерделеудің маңызды үлгісі болып табылатынын айта кетейік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1047479-tasmaghambetov-onhtustik-qolbasshylyq.html