RU

Сәкен Майғазиевті "Үшқоңыр" әнін жүрекпен айтқан грузиндердің өнері сүйсіндірді (видео)

Сәкен Майғазиевті "Мұзарт" тобының ең үздік әндерінің бірі саналатын "Үшқоңыр" әнін жүрекпен айтып, барын салған грузин ұлтының өкілдері тамсандырды.

Әнші Грузиядағы көріністі әлеуметтік желідегі Instagram парақшасына жүктеп қойған. Видеоны тамашалаған жанкүйерлер әннің керемет орындалғанын жазып, қазақтың әні өзге елде шырқалып, танылып жатқанына қуаныштарын білдірген.

Пікір қалдырғандардың арасында "Біздің сахнадағы кей әншілерге таң қаламын, қазақтың әні көп Аллаға шүкір, мән-мағынасы бар, шынында шетелдің әндерін айтып жүр көбісі", - деп назданғандары да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1047638-saken-mayghazievti-ushqonhyr-anin-zhurek.html