Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Қазақстанның миллионер қалаларын атап берді

Опубликовано:

Қазақстанда 4-5 миллионер-қала болуы қажет, деп мәлім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Мен Қазақстанда миллионер-қалаларды құруға барынша мән беремін. Алматы – бірінші орында, Астана - қазір миллиондай, Шымкентте – миллионға жуық. Бізде 4-5 миллионер-қала болу үшін басқа қалалардың да белсенділігін арттырып жатырмыз, міне сонда технология дамиды, халық саны артады және жаңа зиялы қауым өкілдері шығады», - деді Назарбаев сейсенбіде Алматыны дамыту және 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық туралы кеңес барысында.

Сонымен қатар, ол кеңестің ең алдымен «Алматының экономикалық және әлеуметтік дамуына» арналғанын атап өтті.

«Алматы – елдің ірі мегаполисі. Қалаға күн сайын 200-300 мың адам келіп кетеді, сонда 2 млн-дай адам деп есептеуге болады.  Барлық ғылыми жаңалықтар, барлық жаңа технология әдетте ірі мегаполистерде жасалады, бүкіл елдің тәжірибесінде солай», - деп толықтырды мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1047978-nazarbaev-qazaqstannynh-millioner-qa/

pixel